Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛДІҢ ЕЛДІГІН САҚТАУ ПАРЫЗЫМЫЗ

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы болған оқиға елмен бірге менің де көңіліме кірбің ұялатты.

Оқиға кезінде құрбан болғандар мен зардап шеккендер де бар. Бұл ретте, мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орын алған жағдайға жедел көңіл бөлгені қуантты. Ол шұғыл түрде үкіметтік комиссия құрып, адамдармен кездесулер өткізіп, орын алған жайттарға алаңдаушылық білдірді. Комиссияға істің мән-жайын анықтауға тапсырма беріп, зардап шеккендердің көмек алатындығын, кінәлілер мен жауапты басшылардың жазаланатынын мәлімдеді. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені біздің елде бейбітшілікті бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттың өкілдері еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті, әл-ауқатты бағалауы тиіс. Қаншама ұлт өкілдері қазақ жерінде өмір сүріп, жұмыс істеп, балаларын үрейсіз, қорқынышсыз оқытып, ұрпақ көбейтіп жатқандары үшін бақытты. Менің ойымша, егер өмір сүріп жатқан елдің тілін білсеңіз, өзара түсіністік өсе түседі. Бір-бірімен мемлекеттік тілде сөйлескендерге құрметпен қарайтыны анық. Сонда ешқандай келіспеушілік те, келеңсіз оқиғалар да туындамайды. Сондықтан, елімізде бейбітшілікті ту етіп, барлық ұлттар мен ұлыстардың жағдайын жасап отырған елдің елдігін сақтау парызымыз.

Мария РЕВКОВА,

Сағыз ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521