Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы түсіндірілді

««Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы түсіндірілді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Отырыста облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов баяндама жасады.

«Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы тәуелсіздіктің                      30 жылдығында өткен жолымызды нақты мысалдарымен жазған естелік деп қабылдауымыз қажет.

Өздеріңізге белгілі Елбасы, партия Төрағасы еліміздегі жетекші партияның Тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, заман талабына сәйкес алға ілгерілеудің негізгі бағыттарын айқындап берді.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдері мен маңызы зор заңдардың қабылдануы «Nur Otan» партиясының қатысуымен өткенін бәріміз де жақсы білеміз.

Бірақ уақыт көші өзгерістерді қалайды, осы орайда Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы да уақыт талабына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бағындыруда»,-деді ол.

Сондай-ақ, Н.Таушов өткен жылы ұйымдастырылған праймериздің партияға жаңа серпін бергенін, ал, парияның пандемия кезінде халықты бір мақсатқа жұмылдырып, біріктіре алғанын да баса айтты.

Жиында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері Баянсұлу Тыныбаева, «Атырау» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, «Jas Otan» белсендісі, Қазақстан студенттер альянсының Атырау облысы бойынша көшбасшысы Әділет Сәбитов сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, іс-шарада өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бір топ азамат марапатталды. Олардың қатарында «Халық алғысы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдері, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет грамотасы» бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT