«Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектің тыс ІХ сессиясында Жұмыспен қамту қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сессияда басқарма басшысы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндама жасады.
«Бағдарламаның үшінші бағытымен 20 581 адамды қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 24 509 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 119,1% пайызға орындалып отыр. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 16 738 адам, уақытша жұмыстарға 7 771 адам орналастырылды»,-деген А.Мәмбетов, оқу курстарынан өткен адамдардың көрсеткіштеріне де тоқталды. Оның айтуынша, күні бүгінге 1507 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жіберіліп, оқуын бітіргендердің 620-ы жұмысқа орналастырылған. Тағы 110 адам мемлекеттік грант алып, өз істерімен айналысуда. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасымен 422 адам несие мен грант алған.
Сондай-ақ, сессияда өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ азаматқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы беріліп, елеулі еңбек етіп жүрген қызмектерлер Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар жобалар бекітілді. Олардың ішінде 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет те бар.
Сессия соңында облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысушыларды ел тәуелсіздігімен құттықтады.
«Құрметті депутаттар, біз әрқашан өздеріңізбен бірлесіп жұмыс істеп келеміз, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!»,-деді Н.Таушов.