Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елбасы портреті – бүгінгі ұрпақ көзімен

«Саулығың жарамаса, сен басқарар елге не пайдаң тиеді?» Бұл – «Штрихи в портрету. Откровение» атты Елбасының дара жолы негізінде түсірілген деректі фильмнен алынған Нұрсұлтан Назарбаевтың әңгімесінен үзінді.

Осы сөзі арқылы 10 жылдан астам уақыт жасырған құпиясымен бөлісті. Яғни, 2011 жылы нәзік жандылар мерекесіне орай өткізілген мерекелік концерттен кейін, аяғының жұмыс жасамай, жүруге шамасы келмесін сезіп, күзет офицеріне сүйенген күйі көпшілікке байқатпай залдан шығып кеткен. Кейін денсаулығын тексертіп, омыртқасында ақау бар екені анықталып, күрделі ота жасатуға мәжбүр болған. Ал, бұл сырын осы күнге дейін бүгіп келген. Өйткені, ауру президент өз жұмысын атқара алмайды деп санаған. Ол: -Жолымды жалғар лайықты ізбасарымның жоқтығынан, бойымнан дерттің іздері байқалса да, кетуге дайын болмадым,-дейді. Президенттік лауазымнан бас тартып, ізін басқан кемеңгер билеушіні дайындап, тақты босатқан соң, екі жылдан кейін өз халқынан кешірім сұраған еді. Елге сенсация болған бұл жаңалықтан кейін Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенділігіне бір сүйсініп, кемеңгерлігіне бір тамсанған едік. Тіпті, ол 2019 жылдың наурыз айында президенттік орнын босатарын жариялаған шақта, сол жолдауды тыңдаған кім-кімнің де бойын, жүректі тырнағандай бір қимастық сезім билегені рас. Өйткені, аз уақытта Елбасының жеткізген Отанының биігі - екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс...

... 30 жыл бұрын бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, карта бетінде Қазақстан өз шекарасын сызған соң, оның болашағына сеніммен қаратар билеушіге мұқтаж болған сәтте, Нұрсұлтан Назарбаев, миллиондаған халықтың тағдыры мен үмітін арқалап, үлкен тәуекелге барды. Қойнауы қазынаға толы мемлекетімізді, әр шеттен көз тіккендерден аман сақтау үшін қайратын жұмсап, күшін серпіген де – Елбасымыз. Бұл тұста даналық пен ақыл, біліктілік пен білімділік, басшылық пен тіл табыса алу қасиетін бір бойға жию қажет. Міне, осының бәрі оның бойынан табылып, өзге республикалармен келіссөз жүргізуде, бейбітшілік орнатуда үлкен қырағылық танытты. Мақтауға лайық еңбегін үлгі етсе де аздық етер. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстанының гүлденуі мен дамуы жолында төккен маңдай тері келешекке қалған мол өнеге. Бір ойдан туып, бір қолдан жасалған оның саясатын, 91-дің сын сағаттарында жасау, қазіргі оппозиция өкілдерінің қолынан келмес еді. Біткен іске сыншы көп, десе де, қазіргі өмірімізге шүкір. Егемендігіне бізден бұрын қол жеткізген кей елдерден оқ бойы озық тұрмыз. Алайда, ел ішінен бөлінгендердің салған іріткісінің себебінен бұл күнімізге шағымдану басым. Позитивті тұрғыда ойлап көрсек, сәбидей жас мемлекеттің кірпішін қалау – ұшқыш болуды арман еткен қыр баласының қолынан келгені, адам сенгісіз дүние.

«Дайын асқа - тік қасық қойғыштардың» бүгінде жасап жатқан бүлігі, саналыны еріксіз күлдірері де шындық. Басшы болу - мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрауы болары хақ. Әр түрлі ұлт өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып, салты мен дініне шектеу қоймай, тіпті, Қазақстанының әр азаматы өз ойын еркін көсілте алатындай мүмкіндік жасап, алаңсыз келешегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмсаған күші – оның пенделік өмірбаянындағы ерлігі деск, жаңылмаймыз.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521