Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аймақта «Еңбек» бағдарламасы арқылы кәсібін ашқандар көбейді

" Еңбек" бағдарламасымен Атырауда 27 546 адам қамтылды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​ ​

2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асып, жұмысқа тартылғандар мен өз кәсібін бастағандар көбейді.​ ​ Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 486 адам қысқа мерзімді оқу-курсына жолданды. Оның ішінде 600-ден аса азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 80 адам мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастады. ​ Қысқа мерзімді оқу 35 мамандық бойынша 15 кәсіптік колледждер мен облыстағы оқу орындарында жүргізілді.

​ Бағдарламаның екінші бағыты "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 1 128 адам жолдама алды. ​ Оқуды аяқтаған 938 адам өз бизнес жобаларын нәтижелі қорғады. Оның ішінен 270 адам мемлекеттік грант және 8 адам «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде несие алып, өз істерімен айналысуда және басқа қаржыландыру көздерінен 43 адам несие мен 101 адам грант алды. ​ Жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 531 адамға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар берілді. ​ Мемлекеттік грант алушылардың ішінде 184-і жастар, 84-і көп балалы аналар, 9-ы әлеуметтік ​ жағдайы төмен, ​ 7-і көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелері, 22-сі жұмысқа қабілеті ​ бар адамдар, 225-і жұмыссыздар. ​ ​

Бағдарламаның үшінші бағыты болып табылатын ​ ​ ​ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ​ 22 879 адам қамтылды. Нәтижесінде, оның 15 374-і тұрақты жұмысқа орналасып, 7 505 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды.​ ​ Аталған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бір қалыпта тұрақтап, 4,9 пайыз мөлшерінде сақталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз