Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ел ертеңі – ел басшысының назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Жолдауда еліміздің экономикалық тұрақтылығы, әлеуметі мен құқықтық реформасына баса назар аударылып, еліміздің халықаралық аренадағы орнын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

      Президенттің басты назарға алған мәселелерінің бірі — экономиканың сандық трансформациясы мен оның тиімділігін арттыру еді. Бұл бағытта цифрландыру, инновациялық шешімдер мен жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі айқын айтылды. Сонымен қатар, жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру үшін әлеуметтік қорғау шаралары, еңбек нарығын дамыту және білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізу мәселелері де ерекше орын алды. Құқықтық реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер де маңызды тақырыптардың қатарында. Және мемлекет басшысы өз жолдауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жемқорлықпен күрес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін нақты қадамдар атқарылатынын мәлімдеді. Ол өз сөзінде:
     - Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті-деді елді әділдікке шақырып.
       Президенттің жолдауынан еліміздің алдағы уақытта дамуын қамтамасыз ететін кешенді стратегияны байқадым. Оның жүзеге асуы үшін барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлесе жұмыс істеп, ортақ мақсатқа жету үшін күш салса, еліміздің ертеңі жарық болмақ.

Нұрлыбек Амандықов,
жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT