Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығару негізгі басымдық ретінде белгіленді.
Бұл Жолдау Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, жеке өзім үшін де ерекше мәнге ие болды. Себебі бұл құжат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Соның ішінде маған ең жақын тақырып – ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологиялардың тоғысуы. Президент ауыл шаруашылығының стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Қазақстан аграрлық ел ретінде ішкі нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік экспортта да бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Менің қазіргі жұмыс істеп жатқан ауыл шаруашылығы саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу басты міндеттердің бірі. Бұл бағыт агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға және ауыл аймақтарының дамуына жаңа серпін беруге қабілетті.
Дархан ӘБИ