Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Егіс алқабынан 140 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Бүгінде Атырау облысында барлық аудан егін жинау науқанын 100% аяқтады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл 10 825 гектар жерге егін егу жоспарланған. Алайда тасқын салдарынан егін алқабының 5 564,3 гектары су астында қалып, егістік көлемі 5 260,7 гектарға қысқарған.

–Биыл өңірдегі төтенше жағдайға қарамастан егіншілер тәуекелге бел буып, ауқымды жұмыс атқарды. Нәтижесінде егіс алқабынан 600,1 га картоп, 1 542,1 га көкөніс, 937,3 га бақша өнімі мен 2 181,2 га мал азығы алынды. Тұрақтандыру қорына 5 690 тонна өнім жиналды, — деді басқарманың бөлім басшысы Азат Қапанов.

Егін жинау науқанына 600 адам мен 450 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT