2025 жыл елімізде ресми түрде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – қоғамда жұмысшы еңбегінің маңызын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатында қабылданды. Бұл – ел экономикасының қозғаушы күші саналатын кәсіп иелеріне көрсетілген үлкен құрмет.
Қазіргі заманда кәсіптік білім алып, нақты салада жұмыс істеудің маңызы артып келеді. Электрик, дәнекерлеуші, аспаз, тігінші, құрылысшы, техник, механик сияқты мамандық иелері күнделікті өмірімізде аса қажет. Олар – көзге көрінбей, үнсіз еңбектенетін, алайда қоғам тіршілігінің негізі саналатын мамандар. Сондықтан да мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарға қолдау көрсетіліп, олардың мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Жұмысшы мамандықтарының жылына орай "Есбол-Мәдениет" МКҚКның ұйымдастыруымен «Еңбек адамы – 2025» атты шарасы өтті.
Аталған шарада Есбол ауылы мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін Индер ауданының әкімі С.Нысанбаевтың атынан Г.Сабироваға, Ә.Сағызбайға, А.Жұмашеваға, Аудандық Мәслихаттың төрағасы А.Рамазановтың атынан А.Канатовқа, Д.Тлекқабыловқа және Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Сагингалиевтың атынан Т.Омарға, Б.Досқалиевке, Қ.Нұрқашевқа, Р.Мұқановқа, Р.Нечаевке "Алғыс хат" табысталды. Есбол ауылының дамуына үлес қосып «Жылдың еңбек адамы» атанған бірқатар азаматтар мен азаматшаларға округ әкімі атынан алғыс хат табысталды:
1. Жамбыл атындағы орта мектебінің тазалықшысы Исмагулова Нурсулу Тлепбергеновна
2. Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінің жұмысшысы Қаржауова Эльмира Серікбайқызы
3. Есбол орта мектебінің күзетшісі Зулхарнаев Жанболат Узакбаевич
4. Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебінің қарауылшысы Алипқазиев Коблан Қуанышович
5. Индер ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аула сыпырушысы Байгалиев Асылхан Адилович
6. Индер ауданы білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай бақашсы КҚМК-ның аспазы Абилова Дарагүл Әдиетқызы
7. «Индер аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «Есбол дәрігерлік амбулаториясының» тазалықшысы – Халенова Раушан Мұқашқызы
8. «Қазақгаз аймақ» акционерлік қоғамының темір шебері – Кушенов Аманбек Отарович
9. «Атырау-Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әуе желісінің шебері – Сарсенов Калыбай Аккалиевич
10. «Индер Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Есбол су тазарту қондырғысының жөндеушісі –Утепкалиев Асхат Сагинович
11. «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тракторисы Қазбенов Ғабиден Набиденұлы
12. «Табиғат» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Индер өндірістік учаскесінің ауыр жүк көлік жүргізушісі Ерачин Александр Александрович
13. Есбол балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тазалықшысы Мамаева Рысканым Утепкалиевна
14. «Есбол-Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тазалықшысы Нургалиева Гулмира Жаксыбаевна
15. Есбол ауылдық почта бөлімшесінің хат-хабар тасушысы Кусанова Шолпан Канатқалиқызы.
Барша марапат иелерін құттықтаймыз!
Шара ауыл өнерпаздарының концертімен жалғасты.



Дендер Ақпарат



