Жұмысшы мамандықтар жылы — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, адал еңбек пен маңдай тердің қадірін арттырып, еңбек адамын қоғамның басты құндылығы ретінде дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.
Ел дамуының негізі — қарапайым еңбек адамында екенін Президент өз сөзінде бірнеше мәрте атап өтті. Осы орайда , "Amanat" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиева қарапайым жұмысшы мамандарға ризашылығын білдіріп алғысын айтты.
- Нағыз жетістік тек талантпен өлшенбейді, ол — үздіксіз еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Қайсарлық танытып, маңдай терін аямай еңбек етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қоғам дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамына алғыс айтамыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! - деді.
Дендер Ақпарат



