Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбегімен елге үлгі болған отбасы

Жұмысшы мамандықтар жылына орай қарапайым еңбектің шырайын көрсеткен үлгілі әулет ретінде Төлебаевтар отбасын атап өтуге болады.

Отағасы Құрмет Төлебаев – қолы алтын құрылысшы. Ол талай үйдің жөндеуін жасап, еңбексүйгіштігі мен ептілігі арқылы елге танылған жан. Қайда жүрсе де маңдай терімен адал еңбек етіп, жұмысшы мамандығының қадірін арттырып келеді.

Жан жары Марал Төлебаева – шаңырақтың берекесін келтірген, дастарқанның сәнін дәмді тағамдарымен әрлейтін асыл жар әрі аяулы ана. Оның еңбегі – отбасының ырысы мен бірлігінің кепілі.

Балалары да еңбекқорлық пен табандылықты бойына сіңіріп өсуде. Олар спорттың әр түрімен шыңдалып, футбол мен тоғызқұмалақтан жеткен жетістіктерімен көпшілікке үлгі бола білді. Сонымен қатар елге пайдасы тиетін игі істерден де қалыс қалып жүрген жоқ. Тұңғышы аудан көлемінде ұйымдастырылған түрлі қайырымдылық шараларына ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүр. Оның қоғамдық белсенділігі мен ізгі қадамдары ескеріліп, аудан әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Төлебаевтар отбасының еңбексүйгіштігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен спорттағы жетістіктері – жастарға үлгі, көпшілікке өнеге. Олар қарапайым жұмысшы мамандығының қоғамдағы маңызын айқын көрсетіп отырған еңбек адамдары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT