Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына автобуспен келе жатқан түрік жанұясы Құлсарыға жетті

Қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына автобуспен келе жатқан түрік саяхатшы-блогерлері Бурак Дуран мен оның жұбайы Идил Дуран және түрік журналисі Энес Йылдырым Құлсары қаласына жетті.

Олар автобуспен (жылжымалы авто үймен) Анкара қаласынан тамыздың он екісі жолға шығып, Астана қаласына бет алған.

«Әуелі Түркияда көшпенділер ойындары туралы жаңалықтарды жібермей қарап отырдық, кейін дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтетінін білгенде, дереу Қазақстанға барғымыз келді. Солай ұйымдастырушыларға хабарластық. Олар бізге алғыс айтып, ойынды тамашалауға шақырту жіберді. Осылай Қазақстанға келген жайымыз бар», — деді блогер Бурак Дуран.

Бурак үшін бұл — өте маңызды оқиға. Ата-бабалары ойнаған осынау ойындарды ұлықтап, көне заманнан қалған ортақ мұраны құрмет тұрып, дәріптеп, көрсеткісі келеді. Бурактың әйелі Идил де қазақ жеріне табан тірегеніне шексіз риза. Ұшаққа билет алып бермек болған Қазақстан үкіметіне алғыс айтып, Түркиядан Қазақстанға автобуспен жетуді жөн көрген.

–Instagram парақшамыз, YouTube арнамыз бар. Көлігіміздің аты – көшпенді (Göçebe). Біздің бағытымыз да көшпенділер ойыны. Бұл жерге көлікпен келуге бола ма деп Қазақстан үкіметінен рұқсат сұрадық, олар келісті. Бірлігіміз жарасқан, тату түркі халқымыз. Мен аздап толқып тұрмын. Менің түбім Орталық Азиядан шыққанымды көзімнен көруге болады. Түркия азаматымын. Күйеуімді «күйеу бала» деңіздер. Күйеуіме түркі әлемін көрсету, Қазақстанға келу – мен үшін үлкен бақыт. Мұнда келуімізге көмектескен, қолдаған түркі мемлекеттеріне алғысымыз шексіз. Көшпенділер ойындарының түркі әлемі үшін де, бүкіл әлем үшін де маңызы өте зор. Ал біздің мақсатымыз – осыны көрсету, ұғындыру, — деді Идил Дуран.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT