Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Департамент бастығының қатысуымен саптық жиын өтті

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаевтың қатысуымен Сұлтан Бейбарыс алаңында жеке құрамның, ІІО ардагерлерінің, мамандандырылған күзет басқармасының және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық сап түзеуі өткізілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары республикалық жедел профилактикалық іс-шаралары аясында қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет етеді.

- Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралары аясында жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықты болдырмау және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық жұмыстар арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда. Біз үшін әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.

Айта кетейік, Атырауда кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін болдырмау мақсатында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT