Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дөңгелек үстелде ажырасу мәселесі қозғалды

Жақында аудандық сот ғимаратында «Неке шарты институты жəне неке бұзу кезіндегі мəселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жалпы отбасын құрып, заңды некеге тұрған әрбір ерлі-зайыптының мақсаты – бақытты ғұмыр кешу. Шынайы өмірде некеге тұрған əрбір ерлі-зайыпты, отбасылық өмірде көптеген жанжалдарды бастарынан өткеретіндігі белгілі. Бірақ, олар өз қателерін кешіріп, қайтадан бірге тұруды жалғастыруы мүмкін. Осы орайда оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтар болып табылады. Соңғы кездері еліміздің соттарына түскен неке бұзу санатындағы істер күрт көбейіп, бірнеше есеге артқан. Тіпті ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлу жөніндегі істердің сотта қаралу деңгейінің едәуір артқанын нақты деректер дәлелдеп отыр.

Аталған дөңгелек үстелге Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы С.Жұбаева, нотариус Б.Галиевтің, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысты. Дөңгелек үстелді аудандық сот төрағасы А.Б.Досмагамбетова ашып, аталған тақырыпта баяндама жасап, шараның мән-маңызы, неке шартының жасалуы,мазмұны, жарамсыз деп тану жөніндегі тиісті талаптарын жан-жақты түсіндіріп, неке шартын жасасудың тиімді тұстарын, кәмелетке толмаған баласы, мүліктік, басқа да даулары жоқ АХАТ органдары арқылы неке бұзылуы тиіс істердің сотқа жүгінудегі басты себептері, басқа да неке бұзу кезінде туындаған мәселелерге тоқталып өтті.

Одан əрі сөз сөйлеген АХАТ бөлімінің бас маманы С.Жұбаева мен нотариус Б.Галиев, осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып, неке шартының заңда көзделген тәртібін түсіндірудің тиімділігі жөнінде әңгімеледі.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT