Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Былтыр Құлсары қаласының көшелерінен 47 мың тонна қоқыс шығарылды

Құлсары қаласында  қаңтар айыннан басынан бастап су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды құрылыс қоқыстарынан тазарту жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бір айдың ішінде қала көшелерінен 4,5 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2024 жылы «Жылыой тазалық» коммуналдық кәсіпорны 32,6 мың тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды шығарды.
 
Жылыой ауданының әкімдігі, ТШО және мердігер компания арасында былтыр үш жақты келісім шарт жасалды. Меморандум аясында су тасқыны мен жөндеу жұмыстарынан кейін қалған ірі көлемдегі қоқыстарды шығару жоспарлануда. Бұл шараларға «Теңізшевройл» компаниясы демеушілік жасап отыр.

- Өткен жылдың күзінен бері қала көшелерінен 13 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Биылғы  тазалау жұмыстарына 10 жұмысшы мен 10 самосвал, 2 жүк тиегіш және 2 экскаватор жұмылдырылған. Бұл жұмыс қаңтар айының соңына дейін жалғасады, - дейді «ТШО» ЖШС Жылыой ауданы бойынша ресми өкілі Нұрлан Ерғалиев.

Айта кетейік, ауданда су тасқынынан  қалған құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстарының бірінші кезеңі өткен жылдың қазан айының соңы мен қараша айының ортасы аралығында жүргізілді. Оған 4 жүк тиегіш және 10 самосвал техникалары тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT