Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Айгуль Набиева осы есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы Сіздермен келесіні бөліскісі келеді:
«Монополияға қарсы орган ретінде тиісті тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың тиімді iске асырылуының көрсеткіші ретінде Департаментпен атқарылған жұмыстар нәтижесінде салынған айыппұлдар бойынша мемлекет пайдасына 1 млрд 336 млн теңгеден астам сома өндірілген», - деді Айгуль Набиева.
Сондай-ақ, Департаментпен, 14 тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілді, оның ішінде авиаотынды сақтау нарығына жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, «Хиуаз Доспанова» атындағы Атырау халықаралық әуежайы» АҚ Атырау облысы бойынша мұнай өнімдерін сақтау нарығындағы негізгі қуаттың иесі деп танылды. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 176-1-бабына және Агенттік төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы №15 бұйрығына сәйкес, негізгі қуат – үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің басқа нарық субъектілеріне қолжетімсіз тауары, инфрақұрылым объектісі болып табылады. Осыған байланысты, Департаментпен АҚ-ға мұнай өнімдерін, оның ішінде авиаотынды сақтау нарығындағы негізгі қуаттың иесі деп тану жөнінде хабарлама жолданған болатын.
Өз кезегінде, АҚ әуежай аумағында авиаотын сақтау қызметі бойынша тұтынушыларға тең және кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, жоспардан тыс жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 7 нарық субъектісі әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері байқалып, 4 нарық субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылып, 3 нарық субъектісіне қатысты тергеп-тексеру тағайындалды.
Айта кетейік, Департаментпен қабылданған шаралар қатарында келесідей жұмыстарды атап өтеміз:
- «Атырауоблгаз» ЖШС және «GazEnergy» ЖШС тағайындалған тергеулер бойынша тергеу объектілермен Департаменттің әкімшілік актілеріне шағым келтіріліп, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот шешімдері Департамент пайдасына қабылданып, тергеп-тексеру тағайындау туралы бұйрықтар заңды деп танылды.
- «K-Services» ЖШС-нің әрекетінде Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық белгілері байқалып, материалдар Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне тиісті шешім қабылдау үшін, яғни заңды тіркелген мекен жайы бойынша шара қолдану үшін жолданды.
- «Карат LLP» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама жолданып, нарық субъектісімен хабарлама толықтай орындалды.
Қазіргі таңда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 8 мамырдағы №542 «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына (әрі қарай – Жарлық) сәйкес, қазіргі таңда монополияға қарсы орган мемлекеттік меншікті оңтайландыру, жекешелендіру үдерісін жаңа деңгейге көтеру, тиімділігін арттыру және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жекешелендіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл жекешелендірудегі басты ұстаным - экономикадағы мемлекеттік меншікті басқару және иелену міндетін жеке секторға беру арқылы тиімділікті арттыру, инвестиция тарту және экономикалық өсімді ынталандыруды жүзеге асыру болып табылады. Жекешелендіру нәтижесіне сәйкес қызметтердің ашықтығы мен тиімділігі, көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылығы және жаңа жұмыс орындарының құрылуы арқылы қызметтің өзге де оң тұстары күтілуде.
Тағы да айта кетерлік жайт, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 21 тамыздағы №678 «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қаулысының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілген болатын.