26-сәуір Бүкілқазақстандық ағаш егу күнінде Экология және Табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері ағаш егу науқанына қатысты.
Акцияға 150 адам атсалысты. 2000 дана көшет егілді. Айта кетейік, Қазақстан 2030 жылға дейін орман алқаптарының көлемін 13,7 миллион гектардан 14,5 миллион гектарға ұлғайтуды көздеп отыр. Ал Мемлекет басшысы мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу міндетін қойған еді.
Атырау облысының аудандары мен ауылдары да атаулы датаға орай науқанға қатысты.