Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бір жылда күнбағыс майы 20% қымбаттады

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы ел болғанына қарамастан, оның бағасы бір жылда 20% қымбаттаған. Бұл жайында Еnergyprom.kz сайты хабарлайды.

Сайттағы мәлімет бойынша, 2022 жылдың қаңтар-мамар аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майыны өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған.

Ал тазартылған өнімнің өндірісі былтырғыдан 6,9% аз.

«Тазартылмастан сатылатын күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан өңірі беріп тұр. Ал тазартылған күнбағыс майының 78%ын Шығыс Қазақстан облысы (28,7 мың тонна) мен Шымкент қаласы (22,6 мың тонна) берген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға 31 тамызға дейін шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алмақшы. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді», - деп жазады Еnergyprom.kz.

Отандық өндірушілер 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында күнбағысқа деген сұранысты 83,5% орындаған. Өндіріс көлемі былтырғыдан 16,9% артық. Өндірілген 149,1 мың тонна майдың 66,3 мың тоннасы сыртқа сатылған.

Бұл былтырғыдан 71,3% көп. Ал ішкі нарықта күнбағыс майының сатылымы 0,6% ғана артқан. Айта кету керек, Мемлекеттік кірістер комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы бұйрығымен ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер енгізілгенін мәлімдеғен болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT