Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының су айдындарында екі айға созылған «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы кезінде браконьерлерден 21 тонна балық тәркіленіп, 19,7 млн теңге айыппұл салынған еді.

Кеше түнде жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері браконьерлікке қарсы кең ауқымды акция кезінде құқық және табиғат қорғау органдарының және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен бірге табиғат қорғау заңнамасы бұзылған 1231 деректі анықтаған еді. Кеше, 25 маусымда 533,95 келі бекіре тұқымдас балық түрлерін қолды қылмақ болғандардың жолын кесті.

«Теңіз балық инспекциясы мен Дамбы балық инспекциясының мамандары бірлескен рейд жүргізді. Рейдке Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері де қатысты. Түнгі сағат 03:00 шамасында Каспий теңізі бағытынан келе жатқан байла қайығы тоқтатылды. Қайыққа 2 дана қос маторлы «Ямаха-200« орнатылған. Алайда тоқтаудан бас тартқан үш адам Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінің жағалауына қарай қашып кетті. Түнгі мезгілге байланысты қашкан адамдарды табуға мумкіндік болған жоқ. Бұл туралы 102 нөміріне хабар берілді. Байда қайығына полиция қызметкерлерімен бірге тексерілді. Қайықтан бекіре тұқымдас балықтар табылды. бекіре тұқымдас балықтардың жалпы салмагы 533,95 келіні құрады. Қазіргі кезде заңсыз балық аулаушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр» -деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT