Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙМЫЗ

Жақында Германия елінде қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясы өткені белгілі.

Жер-жаһанның қауіпсіздігі мен тұрақталығына арналған мәртебелі жиынға әлемнің маңдайалды мемлекеттерінің президенттері мен үкімет басшылары қатысып, дүниежүзін алаңдатқан ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл конференция біз үшін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбында баяндама жасауымен есте қалды. Баяндамада Қазақстанның сыртқы саяси басымдығы және еліміздің Ресеймен, Қытаймен, Еуроодақпен, АҚШ-пен, Ауғанстанмен өзара қарым-қатынастары туралы әңгімелеген Мемлекет басшысы қауіпсіздік бағытында елімізде жасалып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Оның ішінде есірткі тасымалы мен терроризмге қарсы күрес, елімізде жүзеге асырылған «Жусан» операциясы жайлы да кеңінен баяндап, Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түскенін де атап өтті.

Күллі әлемнің күйіп тұрған мәселелері көтерілген Мюнхень конференциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндама жасап, өзекті тақырыптарды көтеруі еліміздің әлем алдындағы беделін биіктете түскені анық. Мәртебелі жиында өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында пікір айтқан президент «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асырылу барысындағы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеріне де тоқталды. Үш күнге созылған конференция барысында Сирия дағдарысы, Таулы Қарабах дауы, Қытай елінен бастау алған короновирус ауруы сынды бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың шешілу жолдары сөз болды. Тұтас әлемнің тұрақтылығына арналған жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр мәселеге өзінің ой-пікірін білдіріп, елімізде бейбітшілік салтанат құрғанын жеткізді.

Расыменде, қазір мемлекетіміз күн санап өркендеп, ай санап жаңаруда. Отыз жылға жуық татулықтың туы желбіреп, еліміздегі ұлттар мен ұлыстар бір үйдің баласындай күн кешуде. Қорыта айтқанда, еліміздегі бірлік пен береке көптеген елдерге үлгі боларлық үрдіс.

Толқын БЕЙСҚАЛИ,

аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521