Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Билік пен бизнес түсінісіп жұмыс жасауы тиіс

Отандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығын мерекелеу мақсатында ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Президиумінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті бизнесмендердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізді.

Онда өңір экономикасын дамытудың түрлі мәселелерін яғни, кадрларды дайындау, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту және басқа да мәселелер қаралды: - Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен барша атыраулықтарды және мұнайшы қауымын құттықтаймын. Бұл расымен де тарихи дата. Аталмыш шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе деп білемін. Қазақ мұнайының қадірі арта берсін,– деді Тимур Құлыбаев. Одан әрі Атырау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Абдолла Идресов: – Біз өңдеу өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды скринингтеп, паспорттағанда облыста осы салада 1 128 кәсіпорын бар екенін анықтадық. Облыста Машина жасау кәсіпорындары қуатының пайдаланылуы 20 пайызды құрайды. Сатып алуларға қатысу үлесі 5 пайыз. Соның салдарынан кәсіпорындар өсе алмайды, олардың тауарлық линейкасы кеңеймей, айналымдары өспейді. Мұның бір себебі – кәсіпкерлердің мемлекеттік және квази сатып алуларға қол жеткізуінің күрделілігі, сондай-ақ, шетелдік қатысы бар ірі компаниялардың алдын-ала квалификациялық іріктеу талаптарына жергілікті өндірушілердің сай болмауы, – деп өңірдегі бизнестің дамуы туралы баяндап, проблемалық тұстарға тоқталды.

osn

Осы орайда, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Президиумінің төрағасы Тимур Құлыбаев:

– Мемлекеттік құрылымдар мен квазисектор біртектес өнімдерді сатып алады. Өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу туралы заң сақтала бермейді. Статистика бойынша, мемлекеттік сатып алулардың 75 пайызы бір көзден алынады. Бірнеше жеткізуші қатысатын тендерлік рәсімдермен салыстырғанда бағаның жоғары болуы байқалады, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттікпен келісіміміз бар - сатып алулардағы бағалар нормадан асып кеткен жағдайларда, жауап қатылады. Бұндай жүйе осындай ақпаратты автоматты түрде беріп отырады. Бұл сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын, – деп өз ойын айтты ол. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев билік пен бизнестің қарым-қатынасы мәселесіне назар аударды. – Мен мына мәселеге назар аударғым келеді. Бизнес субъектілерін қолдау туралы айта отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы билік кәсіпкерлердің адалдығына, инабаттылығына назар аударатынын атап өтті. Бизнестің дамуы адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Мәселен, бір кәсіпкер автотұрақ жасаймын деп алған жеріне жазғы кафе салып, нәтижесінде айналадағы үйлердің тұрғындары таңғы сағат 4-5-ке дейін шудан ұйықтай алмаймыз деп шағымданды. Оның себебін білейін деп барған әріптестерімнің үстінен кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке арыз жазып, жаңағы қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. Бұған «Не үшін?» деген сауал туындайды. Тұрақтылықты, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган ретінде біз бұған жауап береміз. Сондықтан, бизнесмендерден түсінікпен қарап, ақпаратты тек өзіне тиімді түрде ұсынбауды сұраймын. Қай бизнесмен де табыс түсруге ұмтылады, бірақ, қоғамдық қауіпсіздік те маңызды екенін ескеру керек, – деді облыс әкімі.

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: Өкқ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521