Атыраулықтар 6 мамандық бойынша тегін оқиды

5 қыркүйекте «АРЕС Petrotecnic» колледжінде 6 мамандық бойынша үш айлық курстан өтуге кандидаттарды іріктеу жұмыстары басталады,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетейік, 28 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Тенгизшевройл» ЖШС басшылығы арасындағы аймақтың 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелер бойынша кездесуінде Атырау облысы халқын жұмыспен қамту мүмкіндіктері сөз болған еді. Нәтижесінде 2019 жылы 350 адамды, ал 2020 жылы 700 адамды ТШО-ның болашақ даму жобасы аясында жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт жасалған болатын. Енді тестілеу нәтижесімен 350 адам тегін курстан өтіп, нәтижесінде темір ұстасы, құбыр жөндеуші, құрылыс материалдарын дәнекерлеуші, темірбетон конструкциясын монтаждаушы, электромонтаждаушы, жүк ілдіруші және ағаш конструкцияларын құрастырушы мамандықтары бойынша білімін жетілдіретін болады.

Айта кетейік, кандидаттарды іріктеу ертең сағат 10.00-де «АРЕС Petrotecnic» колледжінде басталады. Тестілеуге жазылу үшін 8 701 267 48 16 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: Ашық дереккөзден

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика