Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бектенов ҚҚС өсірудің көлеңкелі экономикамен күреске үш әсерін атады

Премьер-министрдің сөзінше, көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің тікелей байланысы жоқ.   

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып, ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі мен көлеңкелі экономика деңгейі арасында тікелей байланыс жоқ екенін айтты. Бұған ретроспективті талдау нәтижелері дәлел. 

Мәселен, 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде көлеңкелі экономиканың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 19,8 пайызын, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері 2,7 пайызды құраған. 

Ал кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12 пайызға дейін төмендесе, саудадағы көлеңкелі экономика көлемі керісінше жылдан жылға ұлғайып, 2016 жылы жалпы ішкі өнімнің 9,2 пайызына дейін жеткен. 

"2022 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызды құрады. Мөлшерлеме төмендесе де, саудадағы көлеңкелі экономика деңгейі төмендеген жоқ. Бұдан басқа, Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі төмен, яғни 12 пайыз мөлшерінде болғанымен, көлеңкелі экономика деңгейі ҚҚС мөлшерлемесі жоғары Еуропа елдеріне қарағанда жоғары болып қалып отыр. Бұдан көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің тікелей байланысы жоқ екендігі айқын көрінеді", – деді үкімет басшысы. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT