Бейне-дәрістен кейінгі пікірлер саны шексіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен барлық оқу орындарында тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо. ​

Жастардың бойында адалдықты, парасаттылықты сіңіру мақсатында бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кезекті «Адалдық сағаты» облысымыздың барлық оқу орындарында қашықтан оқытуға көшуге байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.

​Биылғы жылы Абайдың 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы – «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай». Дәріс – жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. ​Аталған акция Атырау қаласының барлық 192 мектебін, 25 колледж, 3 ЖОО қамтыды.

​Бейне-дәрістен кейін қалдырған пікірлердің санында шек жоқ. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. ​Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы-дейді мектеп оқушылары.

​Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы деп Қ.Тоқаев та өз пікірін білдірді.

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика