Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда нөсер жауын, қатты дауыл күтілуде

"18-22 мамыр аралығында Атырау облысында қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауады деп күтілуде" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі "Казгидрометке" сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, нөсер соңы бұршақты жауынға, қатты желге ұласуы мүмкін. ​

Осыған орай, облыс тұрғындарына аса қажеттіліксіз далаға шықпауды, балаларды үйден шығармауды, автокөліктерді жабық объектілер астына сақтауды, үй жануарлары ​ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс объектілеріндегі жұмыстарды, соның ішінде арнайы техникалардың (биік кран) жұмыстарын уақытша тоқтатуды ұсынамыз.

Сонымен бірге азаматтарға жеңіл қайықпен ашық су айдынына шықпау ұсынылып отыр.​ Төтенше оқиғалар орын алған жағдайда, Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне шұғыл хабарласу сұралады.​

Шұғыл қоңыраулар үшін:​

112 ​

8(7122) 45 - 00 - 00

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз