Бірнеше күнге созылған қатты жел, ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде туындайтын табиғи дүлей құбылыстар жиі туындайды. Осыған байланысты алыс жолға шыққанда ауа райын ескеріп, жылы киініңіз. Сондай-ақ, елді мекендерден тыс сапарларға шықпай, әсіресе елді мекендер арасындағы қозғалысты шектеген абзал. Егер дауылды күні жолда қалып қойсаңыз жуық маңдағы елді мекенге жетіп алуға тырысыңыз. Көлігіңізде азық-түлік, термостағы ыстық шай, артық киім-кешегіңіз болсын.
Тағы бір ескерте кетер жайт, қыс мезгілінде мұз үстерімен өту өте қауіпті. Егер мұз үстімен өтуге тура келген жағдайда келесідей шараларды қолданған жөн:
– Мұз үстінде келе жатқанда әрқашан жүктен шұғыл арылуға дайын болыңыз;
– Қолыңызда ұзындығы 15-20 метр болатын жіп болған дұрыс;
– Құмақ жер мен иірім арасындағы мұз қауіпті болады;
– Мұздың бөлшегінен үзігіне секірмеңіз.
Қыс мезгілінде боранды күндері көктайғақ кездерде Атырау облысы «Казгидромед» РМК-нің ауа-райының қолайсыз жағдайында ұялы байланыс операторларынан СМС хабарлама келіп түскеннен бастап жолға шығуға болмайтынын ескертеміз. Егер қыс мезгілінде далада қалған жағдайда 101, 112 нөмірлі телефонға хабарласу тегін екендігін ұмытпаңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
фото ғаламтордан алынды