Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бақылаушыларға сертификат табыстады

Елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтетіні белгілі.

Аталмыш сайлауға бақылау жасайтын «Аманат» азаматтық платформасы жақында аудан бойынша тіркелген тәуелсіз бақылаушыларға семинар өткізді. Семинарды орталықтың аудан бойынша тәуелсіз бақылаушылар кеңесінің төрағасы Серікболсын Беріков ашып, жүргізді. Ол сайлау кезіндегі бақылаушылардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, саяси науқанның ашық әрі әділ өтуіне тәуелсіз бақылаушылардың қосар үлесі мол екенін атап өтті. Сосын барлық бақылаушыларға сертификат табыстады. Айта кетейік, кезектен тыс өтетін президент сайлауы ауданымызда 22 учаске бойынша өтеді. Осы учаскелерде бір-бірден тәуелсіз бақылаушы қатысып, сайлаудың әділ өтуін бақылайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT