Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ҚАДАМ

Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саяси реформалардың жалғасы ретінде биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсыныс жасады.

Қазіргі таңда осы екі ұсыныс аясында Парламент Конституциялық заңға қандай да бір өзгеріс енгізуі керек. Меніңше, бұл өзгерістер, әсіресе Президент сайлауын кезектен тыс өткізу, президентік мерзімді бір рет 7 жылға белгілеу алдағы аптада қолға алынуы тиіс. Өйткені, Президент айтқандай, күзде кезектен тыс сайлау өтуі қажет. Алдағы кезектен тыс сайлаудың өткізілуі бірнеше факторға байланысты деген ойдамын. Айталық, біріншіден, Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл саяси монополияның алдын алу үшін жасалып отыр.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында болған президенттік жүйенің салдарынан суперпрезиденттік жүйе қалыптасты. Жаз айында өткен Конституциялық реформаның негізінде аталған суперпрезиденттіктен классикалық президенттік жүйеге өтуге алғашқы қадам жасалды. Енді осы бастаманы реформаның жалғасы деп білу керек. Яғни, суперпрезиденттік жүйеден түпкілікті кету деген сөз.

Екіншіден, алдағы уақытта Президент бір мерзімге ғана сайлану арқылы 7 жылдық мандат алады. 7 жылдың ішінде қандай да бір реформаны бастап, түпкілікті аяқтауға жететін уақыт деп қарау керек. Мәселен, АҚШ, Батыс елдерінде Президент 4 жылдан екі мерзімге сайланады. Яғни, 8 жыл билікте болады. Демек, 7 жылдық бір мерзім осы стандартқа сай келеді. Сонымен қатар, бұл ТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған қадам.

Сонымен қатар, Президенттің 7 жылға сайлануы елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді. Бір жағынан саяси тұрақтылық үшін жасалады. Ал саяси тұрақтылық шетелдік инвесторлар үшін өте маңызды. Яғни елімізге инвестиция тартуға септігін тигізеді. Екінші жағынан қазіргі таңдағы геосаяси турбуленттік заманда ішкі саяси тұрақтылықты сақтау үшін маңызды қадам саналады. Ең бастысы саяси монополия нәтижесінде пайда болатын олигархаттың алдын алу жолы деп есептеу қажет.

Жәния ІЗБАСҚАН,

Қызылқоға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT