Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰПТАРЛЫҚ ІС

Бүгінде, депутаттар тарапынан президентті 7 жылға және бір мерзімге ғана сайлау керектігі туралы ұсыныс білдіруде.

Мұны құптарлық іс деп білемін. Себебі, бұл ықтимал құқықтық қарама-қайшылықтың алдын алып,  Әділетті Қазақстан принципіне сай келеді. Яғни, Президенттің жалпы өкілеттілігі 2 мерзімнен 1-ге, 10 жылдан 7-ге қысқарады. Бұл биліктің  жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады. Жаңа саяси реформа барлық саяси жүйенің жаңа тәртіп бойынша жаңаруына бастайды.  Қазіргідей геосаяси ахуалдың күрделеніп тұрған шағында бұл қадам  ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.

Осы орайда, Қазақстан демократиялық мемлекеттің жәй ғана үлгісі емес,  Орталық Азия елдеріне жаңа тренд ұсынып отырған ел. Демек,   президенттің қайта сайлауға түсуін шектеу саяси жаңалық.

Сондай-ақ,  президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу еліміздің демократиялық даму бағытын айқындайды. Конституцияға енгізілетін жаңа өзгеріс, яғни Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу жүйелі түрде іске асады. Мысалы, Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігін 8 жылға ұзарту туралы норма енгізіледі. Ал Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент өкілеттілігінен ұзақ болуы олардың дербестігін арттырады.

Президентті бір мерзімге сайлау нормасы өзгертілмейді. Ол Конституцияға енгізілетін жаңа ереже бойынша бекітіледі. Президентті бір мерзімге сайлау нормасы әлемдік тәжірибеде 100 жылдан бері бар. Айталық, Израильде (7 жыл), Арменияда (7 жыл), Мексикада (6 жыл), Оңтүстік Кореяда (5 жыл). Қазіргі кезде Францияда Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау мәселесі талқыланып жатыр. Сондықтан бұл тенденция дүниежүзіне кеңінен тарап жатыр. Алдағы уақытта Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау механизмі әрбір жаңа Мемлекет басшысының өз бағдарламасын толық және алаңсыз орындауына мүмкіндік береді. Ол екінші мерзімге сайлауға дайындалып, уақытын бекер шығындамайды. Сонымен қатар, бұл Президенттің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Өйткені оған реформаларды іске асыруға өмірінде бір ғана мүмкіндік беріледі.

Референдумда Президенттің қандайда бір саяси партияға мүше болуын шектеу, Мемлекет басшысының туған-туыстарының экономикалық және саяси лауазымды иеленуін шектеу секілді нормалар қабылданды. Ендеше, осы пікірімді бәрі қолдайды деп есептеймін.

Мақсот КАРИН,

Қызылқоға аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT