Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҰЛ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЖЕҢЕМІЗ!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген кезекті Үндеуін жариялай отырып, халқымызға рухани күш, бойына қуат дарытып, жүрегіне сенім ұялатты.

Ұлт көшбасшысының Үндеуі тағылымды сөзі бар бағыт берер темірқазық іспетті. Қиын сәтте мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоғамдық қоры әрбір мұқтаж жанға дем беруде. «Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін» деп Нұрсұлтан Әбішұлы өз Үндеуінде халықты бірлікке, ынтамақтастыққа шақырады.

Дәл бүгінгі күні бізге қажеті де осы. Бір тұтастығымызды сөзбен емес, іспен дәлелдесек елге төнген кез келген бұлттың артынан күн көреріміз хақ. Сол сияқты үндеуде «Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді "Мен еліме не беремін?" дейтін кездеріңіз де келді. Осы орайда, менің өтінішім бойынша өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әрі жалғасын табады деп сенемін. Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек» деген сөздері ерекше әсер етті.

Осы тұста, бізде елде болып жатқан жағдайға бейжай қарай алмай, қолымыздан келгенше көмек көрсетіп, халықпен бірге екенімізді білдірудеміз. Басқа түскен талай дүрбелең кезеңдерді артқа тастаған қазақ елі Елбасының әр бастамасын қолдап келеді.

Бүгінде алауыздыққа салынбай, ертеңгі күн үшін, елдігіміз үшін, байбаламға салмай, барымызды бағалап, бағымызды қадірлей білсек, еңсесі мықты ел екенімізді тағы бір дәлелдейміз. Біз іргесі берік, ауызбіршілігі мықты елміз.

Тұрлан БЕКЕШОВ,

жеке кәсіпкер

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521