Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 70-ші адамнан коронавирус індеті анықталды

Дәрігерлер коронавирустық инфекцияның өңірдегі ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Атырауда коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркелді.

42 жастағы жергілікті тұрғын бұрын Covid-19 дертіне шалдыққан адаммен байланыста болған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды, жағдайы қалыпты. Оған хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізілу үстінде.

Осылайша, Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны 70 адамға жетті, ал 12 адам жұқпадан айығып кетті.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда - 58, провизорлық стационарда - 17, карантиндік стационарда - 406 адам бар. Сондай-ақ, үй карантиніне 819 адам жатқызылған.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT