Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азаптаулар жасаған полицейлер сотқа берілді

Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында азаптауларды барлық прогрессивті қоғамның қағидаларына қайшы келетін орта ғасырлардан қалған жабайылыққа теңеді.

А.ж. қаңтарынан бастап азаптаулар туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.

21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады (ҚК-тің 146-б. 2-б. 1-т.).

Олар а.ж. ақпанында алдын ала сөз байласып азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.

Еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT