Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады

Қазан айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, 6 күндік жұмыстағылар 7 күн демалады.

Келе жатқан қазан айында бір ұлттық мекере бар. Осыған орай, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келесі айда 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 күн жұмысқа барып, 7 күн демалады.

Бұл өзгеріс «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қаулы жобасында көзделген. Құжат 12 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамның талқылауында болады.

«2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын», - деп жазылған құжатта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521