Елімізде әрбір ұлт өкілінің өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалған.
Азаматтарды тілі, этникалық тегі, діні немесе әлеуметтік жағдайы бойынша кемсітуге батыл тойтарыс беріледі. Ал, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекет пен қоғамға ортақ міндет екені даусыз. Жалпы, бейбітшілік пен келісім – қоғамымыздың дамуының шешуші факторлары және мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыздың тыныштығына сызат түсірмеу.Еліміздің көпэтносты болуы – біздің артықшылығымыз және стратегиялық ресурсымыз, ол еліміздің дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекетіміз Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың дамуына қолдау көрсетіп келеді.
Мемлекттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекет пен қоғамға ортақ міндет. Бұл тұрғыда, өз басым мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрмет тұтамын. Сондықтан, елімізде тұратын барша азаматтар мен азаматшалар мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге күш салса қандай керемет?! Елдің бірлігі мен тыныштығы сақтау кім-кімге парыз екендігі ақиқат.
Мария РЕВКОВА,
Сағыз ауылы