Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Автонесие кімдерге берілмейді?

Автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтар қандай талаптарға сай болуы керек? Қазақстан банктері жауап берді. 

Клиенттерді таңдау кезіндегі ең басты шарт - оның төлемге қабілетті болуы. Яғни, автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтың зейнетақы қорына соңғы 6 айда үздіксіз аударымдар жасалуы тиіс. 

Екіншіден, үміткердің жиынтық табысы - алынған және алынатын барлық несиелерінің кемі 50% құрауы тиіс. 

Мысалы, несие алушының ай сайынғы табысы 100 мың теңге болса, оның төлейтін барлық несиелерінің жиынтығы 50 мың теңгеден аспауы керек. 100 мың теңгелік табысы расталып, айына 30 мың теңге несие төлейтін үміткер қалған 20 мың теңгеге ғана қарыз ала алады. Ал мұндай соммаға автонесие рәсімдеуге болмайды. 

Сондықтан да банк өкілдері қазақстандықтарды қаржылық мүмкіндіктерін бағалап барып қана банктерге жүгінуге кеңес береді. 

 

Sputnik.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT