Бұған дейін алынған сынамалардан жылқының инфекциялық анемиясы мен ринопневмониясының қоздырғыштары табылмағаны хабарланған болатын. Бірақ зерттеу қорытындысы бойынша басқа аурулар анықталды.
Осы жылдың наурыз айында Атырау облысының Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы сынды үш ауданында малдың жаппай қырылу фактісі тіркелді, деп хабарлайды «Мой город».
Ол кезде Атырау облысы ветеринариялық станциясы басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев жергілікті ветеринарлар ауру жануарлардан қан сынамасын алып, облыстық ветеринариялық зертханаға және Ұлттық референттік ветеринария орталығына жібергенін айтқан болатын.
Ұлттық референттік ветеринария орталығының зерттеу актісінің қорытындысы бойынша ауру жануарлардың сынамаларында жылқының инфекциялық анемиясы мен ринопневмониясының қоздырғыштары табылған жоқ.
Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының маманы Серікбай Қадыров ауру жануарлардан жүйке-парализ уытының тарау белгілері байқалатынын айтты.
Бүгіндері өлген малдан үш ауру түрі анықталғандығы белгілі болды. Ауырған және өлген малдардан алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар республика аумағындағы барлық зертханаларға жіберілді.
Алынған сынамалар инфекциялық анемияға (ИНАН) және жылқының ринопневмониясы күдігін теріске шығарды. Трипаносомиазға да теріс нәтиже алынды (эпизоотиялық зерттеулер кезінде ғалымдар бұл ауруға күдік келтірді).
Алайда малдан делафондиоздың, гастрофилездің және параскаридоздың қоздырғыштары анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл аурулар малдың жаппай қырылуының себебі болып табылады. Аурулармен күресу үшін ғалымдар мал иелері мен ветеринарларға паразиттік қан аурулары мен гельминтоздарды емдеу және алдын-алу шараларын ұсынды.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Нүркен Бояров
Бұл аурулар адамдарға жұқпайды және оларды емдеу бюджеттен қаржыландырылмайды.