Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қауіпті індет балаларға да жұғуда

Әлемді әбігерге салған пандемия әсері бәсеңсігендей көрінгенмен әлі күшінде.

Өйткені, күн өткен сайын қауіпті дертті жұқтырғандар саны артып келеді. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, ауданда қыркүйек айынан бері қауіпті дертпен тіркелгендердің жалпы саны 31-ге (Миялы – 13, Жамбыл – 10, Мұқыр – 4 (Жамансор – 2), Жангелдин – 2, Тасшағыл – 1, Сағыз – 1,) жетті. Бүгінгі күні олардың бесеуі аудандық ауруханада жатса, 13-і үйден емделуде. Пандемияның екінші толқыны кезінде жас балалардың індет қаупін жұқтыру бейімділігі артып тұрғаны байқалады. Ауырған жандардың араларында бір үйде тұратындар да бар.

Мәселен, бір үйде мектеп жасындағы екі бала коронавирус дертімен ауырып емделіп шықса, аталмыш індетпен ауырған зейнеткерлік жастағы адамның үйінде тұратын үш жастағы немересінен және тағы бір үйдегі екі студенттен аурудың симптомсыз түрі анықталып үйлерінен ем алуда. Сондықтан, пандемиямен ауырған адам отбасындағы өзге жандарға жұқтырмау үшін мүмкіндігінше дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, сақтық шараларын ұстанған жөн. Түрлі отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан әлі де тұрғындардың той-томалаққа, садақаларға баруы азаяр емес. Тұрғындардың шағындап болса да үйлерінде келін түсіру, қыз ұзату тойларын жасырын өткізу тыйылар емес.

Бұл ретте, мобильді топ мүшелері қауіпті індет туралы түсінік жұмыстарын күшейтулері қажет.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT