ІІМ-нің 2020 жылғы 24-желтоқсандағы 243 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-нің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарының 99-тармағын орындау үшін, сондай-ақ, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, 21-27 маусым аралығында республика аумағында “Шартты түрде” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Тексеріс кезінде құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға бейім тәуекел тобына жататын адамдарды анықтау.
Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қызылқоға аудандық пробация қызметінің тобының есебінде барлығы 39 сотталған, оның ішінде 20 сотталған шартты түрде сотталған, 17 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, 1 тұлға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, 1 адамның бала күтіміне байланысты жазасы кейінге қалдырылған.
Аталған іс-шара кезінде аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен тексерістер жүзеге асырылды, кемшіліктер анықталған жоқ.