Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауданда "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

сурет ғаламтордан алынды

Қызылқоға аудан көлемінде 12-20 ақпан аралығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Сонымен қатар, шара кезінде  Ішкі істер органдарында есепте тұрған «Қорғау нұсқамасы шығарылғандар», «Ерекше талаптар белгіленгендер», «Алкогольдік өнімдерді шамадан тыс қолданатындар» санаттарымен есепте тұрған адамдарды бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторымен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

 А.ШӘКІРОВА,

Қызылқоға АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT