Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық студенттер ескі вагондарды жаңартуда

Атырау қаласы «Солтүстік өндіріс аймағы 48» көлік жөндеу орталығы мекемесінде ескі темір қалдықтарынан жаңа вагон құрастырылады. Жұмысшылардың бесеуі - колледж студенті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. «Солтүстік өндіріс аймағы 48» КЖО мекемесінің басшысы Бақтыбек Әсемғалиевтің айтуынша, бүгінге дейін екі вагон жасалды. Алдағы уақытта жұмыс күші көбейтіледі.

- Алғашында вагонды қайта құрастырып беруді танысым өтінді. Жасап көрдім. Сұраныс барын көріп, осы кәсіппен айналыса бастадым. Ескі темірді құммен тазалап, сырттарын қаптап, бояймыз. Есік-терезесін салып, салқындатқыш орнытып, саттыққа шығарамыз. Вагондардың бағасы да өлшеміне қарай әртүрлі 1,7 млн теңге - 1,8 млн теңге шамасында,- деді Б.Әсемғалиев.

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 2-курс студенті Әділжан Бисенбайұлының айтуынша, осы жұмысқа өзі қызығып, іздеп келген.

- Мұнда келгеніме көп болмаса да, бүгінге дейін екі вагон жасап үлгердім. Өзіме ұнайды әрі оқып жатқан мамандығымда сай келеді. Жұмысқа қызығушылықпен қарасаң қиындығын ұмытасың,- деді Ә.Бисенбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT