Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық экологтар Каспий итбалықтарының популяциясын қалай құтқарып жатқандарын айтты

Каспий теңізінің түбінен 26,5 тонна балық аулауға арналған торлар алынды. Бұл туралы Атырау Мұнай және газ университетінің 65 жылдығына арналған "Каспий тынысы" халықаралық ғылыми конференциясында белгілі болды. 2014-2023 жылдар аралығында Солтүстік-Шығыс Каспий теңізінің 500 шаршы шақырымнан астам аумағы балық аулау торлары мен басқа да теңіз қоқыстарынан тазартылды.

ТШО-ның аға эколог-маманы Игорь Сангайло айтқандай, Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында 2014 жылдан бастап су қоймасының түбінен барлығы 900 тор немесе 26,5 тонна, сондай-ақ 19 тонна теңіз қоқыстары алынып тасталды.

Сонымен қатар, торлардан 58 тірі бекіре және 15 тірі итбалық босатылды.

- Өздеріңіз білетіндей, балық аулауға арналған алып торлар - Каспий итбалығы популяциясының азаюына әсер ететін ең күшті теріс факторлардың бірі. Өйткені, итбалықтар торларға оралып қалады да, уақыт өте келе бәрібір өледі. Өкінішке орай, біздің зерттеу нәтижелері бойынша , теңіз астында мұндай аулар өте көп, сондықтан біз осы бағытта Маңғыстау облысының бірқатар мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеп отырмыз, - деді Игорь Сангайло.

Еске сала кетейік, 2017 жылы ТШО компаниясы кен орнының жобалық аумағынан тыс жерлердегі балық аулау торларын тазартау мақсатында Баутино шығанағы мен итбалық аралдарында 4 апталық пилоттық миссия ұйымдастырған болатын. 2019 жылы ТШО тастанды балық аулау торларын жинауды ұйымдастыруды жалғастырды және бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметімен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта Солтүстік-Шығыс Каспий теңізінің басқа аудандарына кеңейтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521