Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық еріктілер штабы 5 бағытта жұмыс істейді

Атырауда авто-еріктілер 160-тан астам отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді Еріктілердің көбі мұқтаж жандарға азық-түлік таратумен айналысуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азаматтық орталықтың ақпаратына сәйкес, шамамен 10 күн бұрын құрылған еріктілер штабында 150 ерікті бар. Олардың көпшілігі жалғыз басты қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсететін авто-еріктілер.

Азаматтық орталықтың төрағасы Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, мұқтаж жандардың тізімі "109" сенім телефонына келіп түскен өтініштерге, азаматтардың өздері жазған өтінішіне, сондай-ақ «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық қорының базасына негізделген. Қажетті өнімдерді алуға жергілікті ЖШС мен кәсіпкерлер көмектеседі.

- Қазіргі уақытқа дейін авто-еріктілер 164 отбасына қажетті азық-түліктерін жеткізіп берді. Бүгін біз азық-түлік себеттерін тағы 100 мұқтаж адамға жеткіземіз, жергілікті кәсіпкер әйелдердің бірі қажетті тауарлардың жиынтығын алып бермек, - деді Әйгерім Досқалиева.

Айта кетейік, азаматтық орталықтың жанынан құрылған еріктілер штабы бес бағытта жұмыс істейді:

- Авто-еріктілер - тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек тарату;

- Жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек;

- Дезинфекция жұмыстарын жүргізуге көмек;

- Полиция қызметкерлеріне көмек;

- Медициналық маскаларды тігуге көмек.

Кез-келген Атырау қаласының тұрғыны еріктілер штабының мүшесі бола алады.

Ол үшін төменде көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыз:

8775 892 38 94 - Айнагүл Баяндықызы;

8775 892 38 34 - Әсемгүл Тұрланова;

8775 892 38 74 - Арайлым Аралбаева.

 

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Сурет: Өкқ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT