Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудың бас полицейі жас сақшыларға қауіпсіздік дәрісін өткізді

Республикалық “Жасөспірім” және “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушыларымен кездесіп, қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді.  Кездесуде жолда жүру ережелері, құқықтық жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен полиция қызметінің ерекшеліктері сынды маңызды тақырыптар қозғалды. 

— Қауіпсіздік ол баршамызға қажетті, өзекті тақырыптардың бірі. Әсіресе сендердің бүгінгі қауіпсіз балалық шақтарың үшін тәртіп сақшылары аянбай еңбек етіп жүр. Сондықтан біздің ел мен жерді қорғайтын, біздің елдің тұтқасын ұстайтын, туын көкке көтеретін болашақ үлкен  азаматтары ретінде сендерге үміт артамыз. Сендер біздің жас сақшыларымыз ретінде өзге қатарластарыңа, өзге оқушыларға үлгі болып жүрсіңдер деп сенемін.  Қазір облыста “Жасөспірім”, “Қауіпсіз жол” деген жедел-профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр. Барлығының мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан қоғамдық тәртіптің маңызы тереңде және жауапкершілігі жоғары екенін естен шығармаңдар, — деді өңірдің бас полицейі Нұрхат Оразбаев.
Сондай-ақ, кадет сыныбының оқушылары Жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйесінің жұмысымен танысты. Оларға бейнекамералар арқылы құқықбұзушылықтарды анықтау тетіктері, заманауи технологиялардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы туралы ақпараттар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT