Дүниені дүрсілкіндірген Ұлы Отан соғысы кімге де болмасын қасіретін тартқызбай қоймады. Зұлмат жылдар ішінде алай бала жетім қалып, талай ана жесір атанды. Қан майданға ауданымыздан да бірнеше мыңдаған боздақ аттанды. Олар сұм соғыста жаумен арпалысып, азаттық жолында жанын құрбан етті. Міне, осындай Отан үшін кеудесін отқа тосқан ерлердің қатарында Ақтілеу Шайкөнов те болған еді.
Ол 1919 жылы 6 мамыр күні Доссор кентінде шаруа отбасында дүниеге келген. Доссор орта мектебінің табалдырығын аттап, кейіннен Доссордағы зауыттық оқыту орталығына ауысқан.
Аталған оқу орнында 7 және 8 сыныптарды оқып, одан соң осы орталықтан сылақшы мамандығы бойынша қосымша білім алды. Одан әрі оқуын жетілдіру мақсатында 1935-1939 жылдар аралығында Гурьев мұнай техникумына оқуға түсіп, мұнай ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі техник маманы атанды.
Техникум бітіргеннен кейін 1939 жылы маусым-қазан айларында Доссор мұнай алаңында техник болып қызмет атқарды. Одан әрі осы жылдың қараша айында Кеңес әскері қатарына шақыртылып, Татар АКСР астанасы Казан қаласындағы полк мектебінде әскери борышын өтейді.
Ол жерде сержант дәрежесінде бөлімше командирі болады. Әскер қатарында жүрген уақытта Ақтілеу Шәйкөнұлы ақ финдермен болған соғысқа қатысады.
Фин соғысы аяқталған соң Мәскеу облысына қарасты Подольск қаласында артиллерия училищесінде білім алып, 1941 жылы майданға жіберіледі.
Ол өз жауынгерлерімен Смоленск бағытында бронетанк әскерлерінің құрамында Смоленск, Взяьма, Ярцево қалаларын азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. Ол кезде ол небәрі 21 жаста болды. Ярцево қаласындағы ұрыста 11 жерден ауыр жарақат алып, салдарынан оған ІІ топтағы мүгедектік тағайындалып, елге қайтарылады.
Кейіннен 1942 жылы елге оралған жаралы жауынгерге берілген емнің нәтижесінде ІІІ топтағы мүгедектік бекітіледі.
Сол жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінде кадр бөлімінің бастығы болып жұмысқа орналасады.
Кейіннен 1947-1950 жылдар аралығында Бүкілодақтық з а ң и н с т и тутында заңгер, 1950 жылы Ташкент аласындағы Кеңес Үкіметінің заңгерлерді дайындайтын курс орталығында прокурор мамандығында қосымша білім алады.
1953 жылға дейін Жылыой және ызылқоға аудандарындағы сот-тергеу орындарында халық судьясы, тергеуші, прокурор болып қызмет етеді.
Ол 1953-1957 жылдар аралығында Қаратон мұнай кәсіпшілігінде кадрлар бөлімінің бастығы, 1957-58 жылдары Қошқар мұнай кәсіпшілігінде директордың орынбасары, 1958-1962 жылдары Мақаттағы теміржол көлік кеңесінің директоры, 1962-1965 жылдары Байшшонасмұнай кәсіпшілігі директорының орынбасары, 1965-1972 жылдары ірілендірілген Доссор кәсіпшілігі бастығының орынбасары, кейін «Доссормұнайгаз» басқармасында кадр бөлімі бастығы міндетін атқарған.
Майдангер Ақтілеу Шайкөнов 1974 жылы 55 жасында дүниеден озады.
Оның Ұлы Отан соғысында көрсеткен жауынгерлік ерлігі ескерусіз қалмады. Ол «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 ж ы л » , 1941-1945 ж.ж. «Ерлігі үшін», «СССР Қарулы Күштеріне 50 жыл», өндірістік бөлімде атқарған қызметі үшін «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Майдангердің зайыбы Қанзиба Шайкөнова – қарапайым еңбек адамы болды. Сол кездегі мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты жұмысшылардың жабдықтау бөліміндегі кулинарияда жұмыс жасап, тылда еңбек еткен. Ол көзінің тірісінде атқарған еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне таққан. Жолдасы Ақтілеу Шайкөнов екеуі 7 бала тәрбиелеп өсіріп, тағдыр жазуымен балаларының төртеуі дүниеден өткен.
Бүгінде балаларының үлкені Марат Ақтілеуұлы - әке жолын жалғап, мұнайшы болды. Ол Алматыдағы Қазақ плитехникалық институтының мұнай факультетін бітіріп, «Доссормұнайгаз» басқармасында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекшісі қызметін атқарады. Мұнай саласында 45 жылдан астам еңбек етіп, 2012 жылы құрметті демалысқа шыққан ол Мақат ауданының Құрметті азаматы.
Қызы Гүлшара болса, Мәскеудің Г.В.Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтын бітіріп, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамда жетекші экономист болып қызмет етіп, бүгінде зейнеткерлікке қалған.
Ал екінші қызы Гүлнар Атырау қаласындағы теміржолшылар техникумында диспетчер, кейін Атырау педагогикалық училищесінде мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша білім алған. Ұзақ жылдар бойы бала тәрбиелеу ісімен айналысқан ол бүгінде құрметті демалыста.
Міне, кешегі сұрапыл соғыста Отан үшін от кешіп, жан аямай ерлік көрсетіп, кейіннен бірнеше жылдар бойы өндірістік басқармада тынбай еңбек еткен майдангер мұнайшының ғұмырлық жолы осындай. Оның сан қилы тағдыры болашақ ұрпаққа үлгі.
«Әкем небәрі 21 жасында майданға аттаныпты. Олар «Отан үшін», «Жеңіс үшін » деп ұрандатқан. Әкемнің майдан даласында Отан үшін көрсеткен ерлігін мақтанышпен айтып отырамын. Міне, осындай батырлардың ерлігінің арқасында бүгінде жас ұрпақ бейбіт күннің астында ғұмыр кешуде. Мен осы азаматтардың еселі еңбектері ешқашан ұмытылмауы тиіс деп ойлаймын. Бүгінде ауданымызда көзі тірі бірде-бір майдангер жоқ. Тек олардың ұрпақтары ғана бар. С о л себепті осы жауынгерлердің есімдері мәңгілік есте қалуы үшін жеткілікті дәрежеде көңіл бөліну керек. Мен өзі туып-өскен Доссор кентінің бір көшесіне соғыс және еңбек ардагері болған әкем Ақтілеу Шайкөновтің берілсе деген тілегім бар», - дейді майдангердің ұлы Марат Шайкөнов.
Иә, бүгінде егеменді ел болып отыруымыз – кешегі соғыстың өтінде тобықтан қан кешіп, туған жерінің азаттығы үшін жанын шүберекке түйген ата-бабамыздың ерлігінің арқасы. Сәйкесінше бұл толғағы қанша ащы күн болса да, халқымыз үшін қуанышты күн болып саналмақ. Өйткені бұл күн - бабалар есіміне тағзым ету, сонымен қатар Ұлы Жеңіс күні.
Б.Асхатқызы