Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудағы Жеңіс саябағында кезекті жөндеу жұмыстары басталады

 Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында Жеңістің 80 жылдығына орай кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспар бойынша саябақты абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру шаралары қолға алынбақ. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің бас маманы Эльдар Қариполлаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Абаттандыру аясында төсем тастарды жаңарту, тегістеу, жиек тастарды ауыстыру, орындықтарды жаңарту қарастырылған. Жарықтандыру жұмыстары бойынша электр сымдарын ауыстыру, жарық бағаналарын бояу, LED жарықтандыру жүйесін орнату, әскери техникаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар орталық қақпаларды бояу, әскери техниканы жаңарту, әскери техниканың қоршау тізбегін ауыстыру, мрамор жабындарын жаңарту және Мәңгілік алауды орнату жоспарланған,- деді Э.Қариполлаев.

Жөндеу жұмыстары осы аптада басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында саябақ уақытша жабық болады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң Жеңіс саябағы жаңарып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі көрікті демалыс орнына айналмақ.

Айта кетейік, Жеңіс саябағының жалпы аумағы 45 400 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда Атырау қаласында 26 саябақ пен шағын алаң бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT