Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жыл басталғалы тоқсанға жуық есірткі қылмысы анықталды

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Жыл басынан есірткі қылмысына байланысты 142 құқық бұзушылық, оның ішінде 87 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 267 келіге жуық есірткі заты, оның ішінде ауыр есірткі санатына жататын 4 келі 500 граммнан астам болатын синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыс көлемінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткінің фитозертханасын ұйымдастырған екі Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан 25 түп сора өсімдігі тәркіленіп, қылмыстық істер сотқа жолданды.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесімен есірткілік мас күйде автокөлік жүргізген 51 тұлға және есірткі психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынған 251 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 30 есірткі тасымалдаушылар анықталды, олардың 6-уы жасы кәмелетке толмағандар. Қала аумағында есірткі сайттарын жарнамалайтын 100-ден астам граффити жазбалары жойылып, QR- кодтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал, «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы заңсыз контенті бар есірткі жарнамалайтын 1320 сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері облыс аумағында нашақорлыққа қарсы 890 нысаналы шаралар өткізілді, оның ішінде лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, акциялар, мәдени-спорттық және басқа да шаралар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент басшылығының бақылауында және одан әрі жалғасуда.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT