Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда полицейлер пиротехника сатушыларына айыппұл салды

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шара аясында қаланың екі тұрғынының әлеуметтік желілерде жаңа жылдық пиротехниканы сату туралы хабарландырулар орналастырғандары анықталды. Оларға қатысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл сала отырып, ӘҚБтК-нің 196-бабы ("тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау") бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, пиротехникалық бұйымдар, барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана сатылуға болады. "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы 7 қаңтарға дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT