Еліміздің тарихындағы болашақты айқындайтын маңызды күндердің бірінде өз таңдауларын жасауға полицейлер де қауырт қызметтен уақыт бөліп баруда.
Атыраудағы қалалық полиция басқармасында қызмет ететін полиция майоры Қаршыға Дүйсенғалиев пен полиция майоры Ақмарал Әділова жанұсымен бірге барды. Полицей отбасы мұндай маңызды сәтті балалар да көріп олардың болашағы үшін тиімді таңдау жасағанымызды түсінсе дейді. Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінде 50-ден астам полицейлер жұбы бар.