Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты ұзарды

Атырауда қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың бүгінгі қаулысында айтылған. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орынмен, 50% дейін толтырылу, үстелдер арасындағы қашық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі» -делінген құжатта.

Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), олардың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Ал жексенбіде жұмыс жасауына тыйым салынған.

Дереккөз: inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT