Ұсталған автокөлік жүргізушісі Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны, деп хабарлайды ATPress.kz.
Қызылордалық полицейлер есірткі затын сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті. «2 қыркүйекте патрульдік полиция қызметкерлері Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында, Қазалы ауданы тұсында жол қозғалысы ережелерін бұзған көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушіден қағазға оралған марихуана тәркіленді»,делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда күдіктіге қатымты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі – «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Дереккөз: ATPress.kz сайтынан